«Халық» қайырымдылық қоры құлсарылықтарға қаржылай көмек көрсетуде
«Халық» қайырымдылық қоры Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындарына қаржылай көмек көрсету үшін 31 миллиард теңге бөлді. Бүгінде 100-ден аса тұрғын қор көрсеткен көмекті алып үлгерген. Бұдан бөлек, «Халық» қайырымдылық қоры су тасқыны кезінде қатты зардап шеккен 4 аймаққа қаржылай қолдау білдірген.
Құлсары қаласының тұрғыны Галина Қаражанова - «Халық» қайырымдылық қорынан қаржылай көмек алғандардың бірі. Су тасқыны кезінде оның баспанасы бүлінген. Үйінен тек бар қажетті құжаттарын ғана алып үлгерген. Содан бері тума-туысының үйінде жүр.
Галина Қаражанова, Құлсары қаласының тұрғыны:Қызметкерлеріне көп көп алғысымды айтамын. Бұл ақшаға мен жуық арада үй іздеп жатырмын, аламын деген ойдамын.
Қаржылай көмекті алу үшін Halyk bank сәуір айынан бастап 2700 тұрғынға есепшот ашқан. Баспанасы жарамсыз күйде қалған азаматтар қаржылай көмекті еш қиындықсыз ала алады.
Ақмарал Нұрғалиева, Құлсары қалалық Halyk bank бөлімшесінің басшысы:Бұл есепшоттарға түскен қаражаттар ешқандай арестке түспейді және комиссия ұсталынбайды. Бұл тізімдерін қор шығармайды.
Халық қайырымдылық қоры бүгінде 100-ден аса құлсарылықққа қаржылай көмек көрсетіп үлгерген. Қазір бөлінген 31 млрд теңге әр тұрғынға кезең-кезеңімен беріліп жатыр. Қаржы бірден халықтың есепшоттарына түсуде.
Нариман Әбілшайықов, «Халық» қайырымдылық қорының басқарушы директоры:Кәсіпкер Тимур Құлбаев қоры атынан 31 миллиард теңге қаражат жұмсалып отыр. Осы қаражатты бір екі аптада игереміз деген ой бар.
«Халық» қайырымдылық қоры су тасқыны кезінде қатты зардап шеккен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы азаматтарға да көмек беруде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кабулде 400 адам Пәкістан шабуылынан қаза тапты
17.03.2026, 13:21
Ертіс өзенінде майлы дақтар пайда болған
17.03.2026, 13:15
Павлодар өңірінде 58 елді мекенді су басу қаупі бар
17.03.2026, 13:12
«Наурыз» бағдарламасына өтінім біраз уақыт қабылданбайды
17.03.2026, 13:09
Астанада 3 мың оқушы бір уақытта асық ойнады
17.03.2026, 13:06
1500 оқушы бір мезетте бес асық ойнап, рекорд жасамақ
17.03.2026, 13:03
Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды
17.03.2026, 13:00
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке елордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
17.03.2026, 10:30