Қазақстанда компьютер жасау өндірісі артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда компьютер жасау өндірісі артып келеді

22.02.2021
Қазақстанда компьютер жасау өндірісі артып келеді

2020 жылы елімізде компьютер шығару көрсеткіші 6 есе өсті. Қаңтарда елімізде 538 сандық есептеу техникасы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 30,6%-ға артық, деп хабарлайды energyprom.kz.

Жалпы, өткен жылы 59,3 мың компьютер өндірілді. 2019 жылмен салыстырғанда 6 есеге көп. Оның басым бөлігі Алматы қаласында шығарылды - 58,1 мың дана. Сондай-ақ Қарағанды облысында 1,1 мыңға жуық, Нұр-Сұлтанда - 124, Жамбыл облысында — 24 техника өндірілді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, еліміздегі тарихы терең, ең көне зауыттардың бірі - Петропавл қаласындағы С.М. Киров атындағы зауыт ZIKComputers маркасымен компьютерлік техника шығара бастады. Тұтынушыларға отандық Zik компьютерлерінің 7 түрі ұсынылды. Оларды қазірдің өзінде kaspi.kz және ForteMarket арқылы сатып алуға болады.

Жақын арада отандық компьютерлерді «Қазпоштаның» барлық бөлімшелерінен де алуға болатын болады. ZIKcomputers желісінің өндірістік қуаты - жылына 100 000 бірлік компьютерлік техника. Компьютерлік техниканы дайындауға арналған компоненттерді серіктестері - электроника, компьютерлік техника және серверлік жабдықтар өндірісінде 30 жылдық тәжірибесі бар Great Wall компаниясы жеткізеді.

Хабарламаларға жазылу