Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның екінші дозасын алды.
Олар вакцинаны №6 қалалық емхана базасында салдырды.
Пациенттер вакцинаның алғашқы дозасынан кейін еш шағымы жоқтығын айтты.
Еске сала кетейік, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған еді.