Еуразия ұлттық университетінде академик Салық Зиманов атындағы аудитория ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев академик Салық Зимановтың 100 жылдық мерейтойына орай Twitter парақшасында жазба жариялады.
«Бүгін аса көрнекті ғалым, академик Салық Зимановтың туғанына 100 жыл. Ол егемен еліміздің құқықтық негізін қалыптастыруға және заң саласын дамытуға зор үлес қосты. Салық Зиманұлының ел мүддесі жолында атқарған еңбегі өскелең ғалым ұрпақтарына қашанда үлгі-өнеге»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ғалымның 100 жылдығына орай Еуразия ұлттық университетінде ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Іс- шара тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізілді.Тұңғыш Конституцияны әзірлеуге атсалысқан, Қазақстандағы Парламентаризм институтын дамытуға айырықша үлес қосқан азамат 90 жылдық ғұмырында мыңдаған шәкірт тәрбиеледі. Бүгінгі шара аясында Еуразия ұлттық университетінен академик Салық Зиманов атындағы аудитория ашылды. Алдағы уақытта елордада ғалымға арналған ескерткіш орнатылады деп жоспарланған.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Салық Зимановтың тікелей шәкіртімін, қол астында қызмет жасадым. Зимановты ұлтымыздың тарихындағы заң ғылымдарының докторы дәрежесін иеленген алғашқы қазақ деп айтсам артық айтқаным емес. Өнегелі өмірінде академик 200-ге жуық ғылыми еңбек жазып, заң ғылымының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ғалым. Бүгінгі таңда ғылым ордалары Зимановтану бағытын қолға алғаны дұрыс.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда Үстірт тау қойы көбейіп келеді
27.03.2026, 13:24
Фермерлер топырақтағы көміртекті сақтау квоталарын сату арқылы табыс таба алады
27.03.2026, 13:21
Трамп мәлімдемесінен кейін мұнай 1%-ға арзандады
27.03.2026, 13:18
Зеленский Парсы шығанағы елдеріне дрон ұсынды
27.03.2026, 13:15
Сәуірден бастап көлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады
27.03.2026, 13:12
Еуразиялық үкіметаралық кеңесте 12 құжат қабылданды
27.03.2026, 13:09
Шымкентте «Digital Qazaqstan» форумы өтіп жатыр
27.03.2026, 13:06
Alatau City: Заң екінші оқылымда мақұлданды
27.03.2026, 13:03