Алаш жұрты Нұртілеу Иманғалиұлын ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш жұрты Нұртілеу Иманғалиұлын ақтық сапарға шығарып салды

19.02.2021

Бүгін Алаш жұрты танымал журналист Нұртілеу Иманғалиұлын ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасуға елге белгілі азаматтар, әріптестері мен туыстары қатысты. Қаралы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхаттары оқылды.

Телевизия саласының ардагері журналистиканың сан додасына түсіп, ыстығы мен суығына төзе білген еді. Патша көңіл көрерменге қажетті дүниелерді аса талғампаздықпен сұрыптап, телевизияның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол журналистикаға жастайынан араласып, өмірінің соңына дейін сүйікті кәсібімен айналысып өтті. Бұған оның көрерменнің көзайымына айналған хабарлары дәлел. 

«Нұртілеу Иманғалиұлы бір әулеттің ғана ұлы емес, алты алаштың ардақты азаматына айналған тұлға». Марқұмды көпшілік осылай деп еске алды. 

Досқан Жолжақсынов, Қазақстанның халық әртісі:
Көрерменнің көкірегінде Нұртілеу ұлттың темірқазығындай болып қалды. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын.   

Қуан Нұрақын

Нұртілеу Иманғалиұлы

Хабарламаларға жазылу