Зейнетақы жинағы есебінен төленетін медициналық қызметтер 7 бағытпен шектелмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағы есебінен төленетін медициналық қызметтер 7 бағытпен шектелмейді

19.02.2021

Зейнетақы қорындағы ақшаны емделуге жұмсау қызметі 7 бағытпен шектелмейді. Егер халықтан ұсыныс түсіп жатса басқа да ауру түрлерін қор қаражаты арқылы емдеуге болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Ол үшін халық тарапынан министрлікке ұсыныс қажет.

Ескеретін жайт, тізімге тегін медициналық кепілдендірілген көмек пен медициналық сақтандыру қоры арқылы емдейтіін қызмет түрлері кірмейді. Ведомства бекіткен ережеге сәйкес, 7 бағыттың ішіне сирек кездесетін аурулар, күрделі емді қажет ететін онкологиялық аурулар, туа бітті тері тыртықтарын түзету, көз бен тістің қымбат қызметтері кіреді. Көпшілік тек стоматологиялық қызметті Қазақстанда алу керек. Қалғанын елде де, шетелде де емдетуге болады. Ол үшін тіркелген емханаға барып, дәрігерлерден құрылған арнайы комиссияның қортындысын алу шарт. Бұдан әрі, емделетін мекемеге барып, шарт жасасу қажет. Қаражат сол мекеменің есепшотына аударылады. Бұйрық Әділет министрлігімен кеше тіркелді, енді ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. 

Батыржан Сарымсақов, ҚР ДСМ Амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы:
Бұл тізім жетілдіретін болады, халықтың сұранысына байланысты. Халықтың сұранысы болса бұл тізімді өзгертеміз. Қатып қалған тізім жоқ. Мониторинг жасаймыз. Талқылау жүргіземіз. Егерде қажет болса біз оны өзгертеміз. 

Раушан Сайлауқызы


зейнетақы жинағы Денсаулық сақтау министрлігі

Хабарламаларға жазылу