Академик Салық Зимановтың туғанына 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Салық Зимановтың туғанына 100 жыл

19.02.2021

Бүгін заң ғылымдарының докторы, академик Салық Зиманұлының 100 жылдық мерейтойына орай ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. «Салық Зиманов: азамат, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері» деген атаумен өткен жиынға билік өкілдері, ғылыми қызметкерлер мен заңгерлер қатысты. 

Іс- шара тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізілді.Тұңғыш Конституцияны әзірлеуге атсалысқан, Қазақстандағы Парламентаризм институтын дамытуға айрықша үлес қосқан азамат 90 жылдық ғұмырында мыңдаған шәкірт тәрбиеледі. Бүгінгі шара аясында Еуразия Ұлттық университетінде академик Салық Зиманов атындағы аудитория ашылды. Ғалымның еңбектері мен фотоматериалдар ұсынылды. Алдағы уақытта Елордада ғалымға арналған ескерткіш орнатылады деп жоспарланған.  

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Салық Зимановтың тікелей шәкіртімін, қол астында қызмет жасадым. Отандық заң ғылымы ғана емес, бүгін бүкіл еліміз үшін айтулы күн. Салық Зиманұлы Қазақстанның құқықтық негіздерін қалыптастыруға орасан зор еңбек сіңірді. Салық Зимановтың мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. 

Ақниет Балтанова

                                                      

Хабарламаларға жазылу