Депутаттар елордада Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш қоюды ұсынды
Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын әлемдік деңгейде атап өтуді ұсынып, Үкіметке сауал жолдады.
«Ұстаз есімін ұлықтау тұғырлы тәуелсіздігіміздің, ұлттық құндылықтар мен ұлт мұратының жүзеге асып жатқандығының белгісі. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде тойлау - еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттырады», - деді ол Сенаттың жалпы отырысында.
Депутаттар Үкіметтен 2022 жылы 5 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту үшін арнайы хат дайындап, тиісті орындарға жіберуді, рухани көсем тұлғасын айшықтау үшін елордада еңселі ескерткіш орнатуды ұсынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18