Павлодарда шұғыл көмек көрсету орталығы ашылды
Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны бүгін 25 пайызға көбейді. Қазір 600 адам ауруханада ем қабылдап жатыр, оның 19-ы бала. Мұның сыртында коронавирус жұқтырған 170 бала үйде оқшауланған. Жағдай күрделенген соң Павлодарда триаж-сұрыптау, яғни, шұғыл көмек көрсету орталығы ашылды. Мұнда науқастар «қызыл», «сары», «жасыл» санатқа бөлінеді. Заманауи диагностикалық аппараттардың көмегімен сырқаттың қай топқа жататыны лезде анықталып, емдеуге жіберіледі. Бөлімшеде ота жасайтын да бірнеше бөлме бар.
Кеңес Әкелжанов, шұғыл көмек көрсету бөлімшесі бас дәрігерінің орынбасары:Іш құрылыстарын УЗИ аппараты арқылы және сүйектерін, өкпесін рентген аппаратқа дәл сол жерде түсіріп, ешқайда апармай ем уақытын қысқартамыз.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның басты қағидаты»
07.09.2026, 11:09
Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
07.09.2026, 10:43
Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары пысықталды
07.09.2026, 10:40
Президент Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 10:31
Талдықорғанда IT мамандарын даярлауға арналған білім кампусы ашылды
07.09.2026, 10:03
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы басталды
07.09.2026, 10:01
Германияда су тапшылығы күшейді
07.09.2026, 10:00
Индонезияда жанартау атқылап, 8 әуежайдың жұмысы тоқтады
07.09.2026, 09:59