Жетісайда үш баланы көлік қағып кетіп, біреуі қайтыс болды
Түркістан облысы Жетісай қаласында үш баланы көлік қағып, үш жарым жастағы бүлдіршін қайтыс болды. Ал, жол апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір бізбен өңірдегі тілшіміз Айнұр Ақбаева байланысқа шықты.
Айнұр Ақбаева , тілші:
Жол көлік оқиғасы кешкі сағат алтылар шамасында Жетісай қаласындағы орталық көшелердің бірінде болды. Жарақат алған үш бала да аудандық ауруханаға жеткізілді. 16, 13-тегі екі бала түрлі дене жарақатын алған. Ал, үш жарым жастағы бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қала алмады. Ол аурухана көз жұмды.
Пернебай Сыдықов, Жетісай аудандық ауруханасының травматолог-дәрігері:
Кома жағдайында келіп түсіп, реанимация бөліміне жатқызылды. Тексеру барысында бас миға қан құйылу анықталып, екі сағат реанимациялық ем шаралардан кейін қайтыс болды. Екінші жасөспірім бас миы шайқалу диагнозымен жағдайы қанағаттанарлық.
Айнұр Ақбаева , тілші:
Ал, үшінші бала алғашқы емін алғаннан кейін ауруханадан шығарылған. Қазір ауданның полицейлері балаларды соғып кеткен көліктің иесін іздестіріп жатыр. Оқиға орнынан табылған қосалқы бөлшектерге қарап, қара-сұр түсті «Audi -100» маркалы автокөлігі деп болжанып отыр. Ауданындағы барлық «Audi» маркалы көліктер тыңғылықты тексерілуде.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22