Ресейде Астана форматындағы Сирия жөніндегі келіссөздердің XV кезеңі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде Астана форматындағы Сирия жөніндегі келіссөздердің XV кезеңі өтіп жатыр

16.02.2021

Ресейдің Сочи қаласында Астана форматындағы Сирия жөніндегі келіссөздердің 15-кезеңі басталды. Жиын қыркүйек айында Қазақстанда өтуі тиіс еді, алайда пандемияға байланысты уақыты мен орны өзгерді. Басқосуға Ресей, Түркия, Иран елдері мен Сирия оппозициясының өкілдері, БҰҰ мүшелері қатысып, Шам еліндегі қақтығыстарды тоқтату мәселесін қарастыруда.

АҚШ келіссөздерге халықаралық бақылаушы ретінде қатысудан бас тартқан. Тараптар Сирия дағдарысын реттеудің жолдарын, елдің экономикалық жағдайын жақсарту, босқындарды қайтару мәселелерін көтеруде. Соңғы үш айда Сирияда қарулы қақтығыстардың саны артты. Сондықтан мүдделі тараптар түйінді түйіткілді тарқату үшін ортақ мәмілеге келіп, қарар қабылдамақ.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу