Қаржы министрі бюджет қаржысын игермеген мемлекеттік органдарды атады
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін Үкімет отырысында қаңтардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін баяндады.
«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 91 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары – 94,4 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 80,6 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1 трлн 212 млрд теңгеге сомасына шығыстар жүргізілді. Орындалмау 72 млрд теңгені құрады, оның ішінде үнемдеу - 7 млрд теңге. Игерілмеу сомасы - 65 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары келесі орталық мемлекеттік органдарда қалыптасты: Қаржы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым және Мәдениет және спорт министрліктері. Игерілмеудің негізгі себептері: төлем жөніндегі құжаттарды ұзақ келісу, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, шарттар мен қосымша келісімдерді қазынашылық органдарына тіркеуге кеш ұсыну», - деді министр.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттердің шығыстары 203 млрд теңгені құрады. Атқарылмағаны - 49 млрд теңге. Биыл өңірлерге 1,9 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 ақпандағы жағдай бойынша 32 млрд теңге бөлінген. Олардың 79,3 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 6 млрд теңге, оның 2 млрд теңгесі – үнемдеу, 4 млрд теңгесі игерілмеген.
«Неғұрлым көп игерілмеу Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола және Атырау облыстарында қалыптасты», - деді Жамаубаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02