Қызылордада 181 рет ереже бұзған жүргізушіге 3,5 миллион теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 181 рет ереже бұзған жүргізушіге 3,5 миллион теңге айыппұл салынды

15.02.2021

Қызылордада темір тұлпарымен жүйткіп жүретін жүргізушіге 3,5 миллион теңге айыппұл салынды. Ол қала көшелеріндегі жылдамдық өлшейтін құрылғыға осы кезге дейін 181 мәрте түсіп, жол ережесін өрескел бұзып келген. Жол полициясының инспекторлары ресейлік нөмір таққан «Жигули» маркалы автокөлігін рейд барысында кездейсоқ тоқтатып, құжатын тексерген. Бірақ, сырттан келген көліктің бірде-бір құжаты болмай шықты. Орталық жүйеден тексеру кезінде осы кезге дейінгі барлық жол ережесін бұзу деректері әшкереленді. Көліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан айыппұл өндіру де мүмкін болмай келген. Қазір автокөлік айып тұрағына қойылды. Енді иесі 3,5 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу