Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Алдағы уақытта Қазақстанға үкіметтік делегация келеді деген жоспар бар. Бұл ретте Президент Ашраф Ғаниді келіссөздер нәтижесін бекіту мен өзара іс-қимылды талқылау үшін елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Ауғанстан Президенті Қазақстанның ауған ішіндегі диалогты тұрақты түрде қолдап, еліміздің кең көлемде экономикалық көмек көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ, Қасым Жомарт Тоқаев Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянды Біріккен Араб Әмірліктерінің ғарышты игеру саласындағы орасан зор жетістігімен құттықтап, жеделхат жолдады. Онда Әмірліктердің ғарышты игеруші үздік елдер қатарына кіргені және әлемдік табысқа қол жеткізі айтылады. Мемлекет басшысы Тақ мұрагерінің қызметіне табыс тіледі.
Дарын Сағитов