Президент Қорғаныс министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қорғаныс министрін қабылдады

04.02.2021

Қорғаныс министріне Президент әскердің әлеуетін арттырып, Қарулы күштерді цифрландыруды тапсырды. Кездесуде Нұрлан Ермекбаев Қазақстан армиясының заманауи қару-жарақ және техникамен жабдықталуы, ақпараттық қауіпсіздігі мен бітімгершілік бөлімдердің дайындығы жөнінде мәлімет берді. Әрі «Армияны жаңғырту» жобасын ұсынатынын хабарлады. Оның іске асуы армияның қуатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді дейді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу