Шымкенттегі автобус жүргізушілерінің жалақысы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі автобус жүргізушілерінің жалақысы өсті

04.02.2021

Шаһар әкімімен кездесуден соң шымкенттік қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірқатар мәселелері шешімін тапты. Ақпан айынан бастап жолаушы тасымалдау компанияларына бюджеттен субсидия беру арқылы жүргізушілердің еңбекақысы 200 мың теңгеге өсетін болды. Яғни, олардың еңбек еткен әр сағаты үшін енді 1 мың 110 теңгеден төленеді. Егер жұмыс күні демалыс не мерекеге тура келсе, жалақыға қосымша тағы ақша төленетін болып келісілді. 

Сондай-ақ, жиында кондукторлардың да мәселесі оң шешілді. Бұдан былай олар ай сайын компаниядан 100 мың теңге көлемінде еңбекақы алады. Ал автобусты жуып-тазалау және газ құю шығындарын компания өз есебінен жүргізеді. Осындай келісімге келген автобус жүргізушілері бүгін таңертеңнен кестеге сай жұмыстарына кірісті. 

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
Біз мемлекет тарапынан еңбек инспекциясы бар, кәсіподақ сіздердің құқықтарыңызды қорғаймыз. Егер алдап жатса, ақшаларыңызды бермей жатса, заң тәртібініе бағынбаса прокуратурамен олар тиісті жазаларын алады.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу