«Qazsport» телеарнасы «Үйдегі комментатор» жобасын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» телеарнасы «Үйдегі комментатор» жобасын жариялайды

02.02.2021
«Qazsport» телеарнасы «Үйдегі комментатор» жобасын жариялайды

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы «Qazsport» телеарнасы «Үйдегі комментатор» жобасын жариялады. Жобаға қатысушылар «Qazsport» телеарнасының трансляцияларын үйде отырып жүргізіп, видеоларын әлеуметтік желіге #ҮйдегіКомментатор хэштэгімен жүктеуі қажет. 

Ең үздік бейнежазбалардың авторлары телеарна өткізетін комментаторлардың кастингіне қатысуға мүмкіндік алады. 

«Мұндағы мақсатымыз – комментаторлардың резервін жасақтау. Телеарна мамандарынан құрылған арнайы комиссияның іріктеуімен үздік қатысушылар резервке алынып, комментаторлар кастингіне шақырылады. Қазіргі уақытта «Qazsport» арнасында тікелей эфирде хоккейден Қазақстан Кубогы сайыстары, Құрлықтық хоккей лигасының матчтары, футзалдан Қазақстан чемпионаты өтуде. Бұл - жобаға қатысушылар үшін үлкен мүмкіндік. Біздің мақсатымыз – тек футбол емес, спорттың әр түрінен комментаторлар резервін құру», - дейді «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков. 

Басқа да спорт түрлерін жүргізу бойынша бақ сынағысы келетіндер qazsporttv.kz ресм сайты мен You Tube желісіндегі арнадан өткен трансляциялардың мұрағатын пайдалана алады. 

Жобаға 18 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады. Қосымша байланыс нөмірі: 8(717) 2 31-75-42. 

Хабарламаларға жазылу