«QAZSPORT» телеарнасы 2020 жылға арналған телевизиялық жобаларға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«QAZSPORT» телеарнасы 2020 жылға арналған телевизиялық жобаларға байқау жариялайды

18.02.2020
«QAZSPORT» телеарнасы 2020 жылға арналған телевизиялық жобаларға байқау жариялайды

Байқауға қатысу туралы өтініштер 2020 жылдың 14 наурызына дейін qazsport.konkurs@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.

Жобаларға қойылатын негізгі талаптар:

- «БАҚ туралы заң» мен Қазақстан Республикасының басқа да тиісті заңнамаларының талаптарына сәйкес болуы;

- Пилоттық нұсқасының болуы;

- Байқауға қатысушы компанияның телевизиялық контент дайындауда тәжірибесінің болуы міндетті. Бұрын түсірілген бағдарламалар қоса ұсынылуы тиіс;

- Түсірілім тобы құрамындағы режиссер, редактор, жүргізуші және т.б. қызметкерлердің портфолиосы жіберілуі тиіс;

- Жоба қаржылық шығынымен бірге ұсынылады;

- Жоба қазақ және орыс тілінде болуы шарт;

Әр жоба төмендегі тақырыптарға сай болуы тиіс:

1. Аймақтардағы спорттың дамуы туралы (2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарын ескеру керек). Бағдарламаның ұзақтығы - 20 минут;

2. Еліміздегі паралимпиадалық спорттың дамуы мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар туралы (2020 жылы өтетін Паралимпиада ойындарын ескеру керек). Бағдарламаның ұзақтығы - 15 минут;

3. Қазақстан спорт саңлақтарының жас ұрпақты спортқа баулуы туралы (2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарын ескеру керек). Бағдарламаның ұзақтығы - 15 минут.

Ескерту: жоба байқаудың алғашқы іріктеу кезеңінен өткен жағдайда, «QAZSPORT» телеарнасы үміткерлерден қосымша құжаттарды талап етуге және бағдарламалардың концепциясы мен қаржылық құжаттарына өзгеріс енгізуге құқылы.

Қатысу үшін үлгі толтырыңыз

Хабарламаларға жазылу