Павлодар облысында жүзден аса екпе кабинеттері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жүзден аса екпе кабинеттері ашылды

01.02.2021

Бүгін Павлодар облысы бойынша 31 емханада 100-ден аса арнайы кабинетте екпе салынды. Індетке қарсы шараны кідіріссіз, сапалы өткізу үшін жедел курстан өткен мың бір жүз жиырма бес медицина қызметкері жұмыс істейді. Қоймадан алынғаннан кейін вакцина термоконтейнерлерге салынып, егу кабинеттеріне жеткізілді. Барлық талап сақталуда, сондықтан екпе жасау кезінде қателік жіберуге еш негіз жоқ-дейді мамандар. Алғашқы кезеңде 9 мың адамға екпе салу жоспарланған.

Айзада Құрманова, облыс әкімінің орынбасары:
-Жақсы сезініп тұрмын. Сондай қатты әсер алғаным білінбейді. Ең бастысы дәрігер вакцина алушыға толық ақпарат береді.

Ал, Ақтөбе облысында «Қызыл аймақта» жұмыс істейтін 960 дәрігер вирусқа қарсы екпе алды. Олардың барлығы өздерін жақсы сезінгендерін, ешқандай өзгерісті байқамағандарын айтады. Олар 21 күннен соң вакцинаны қайта салдырады. Оған дейін барынша сақтанып жүрулері керек. Өңірге әкелінген препараттар 8 емханаға таратылды. Жалпы облыс бойынша 150 мың адамға екпе салдыру жоспарланған.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу