Павлодар облысындағы екі ауылға санитарлық бекеттер қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы екі ауылға санитарлық бекеттер қойылды

29.01.2021

Павлодар облысы Май ауданындағы екі ауылға санитарлық бекеттер қойылды. Жаңа карантиндік шектеулер әзірге 2 аптаға арналған. Көктөбеде соңғы тәулікте 9, ал Кеңтүбекте 8 адам коронавирус жұқтырған. Аудан бойынша 48 науқас тіркелген. Олардың 21 ауруханада жатыр. 5-і - мектеп оқушылары. Осы өңірдегі барлық мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті.

Санитарлық бекеттерден ауыл тұрғындары таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін дене қызуын өлшетіп өте алады. Бөтен адамдарға рұқсат жоқ. Дәл осындай бекет 31 қаңтардан бастап Ертіс және Железинка аудандары орталығына да қойылатын болды. Республика бойынша індет ең көп таралған өңір осы Павлодар облысы болып тұр.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:
Өткен тәулікте 296 жағдай тіркелді. Облыстың 12 ауданы «қызыл» аймақта. Бір аудан «сары» аймақта. Ол Баянауыл ауданы.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу