Алматыдағы эпидахуал күрт нашарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы эпидахуал күрт нашарлады

27.01.2021

Соңғы 4 күнде Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Бұл туралы шаһардың мемлекеттік бас санитар дәрігері айтты. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, мегаполисте бір тәулікте коронавирус жұқтырушылар 130-дан асып кеткен.

Жазира Оразқызы, тілші:
Жандарбек Бекшиннің сөзінше, кинотеатрлар мен театрларға барған кезде жұқтырған жағдайлар тіркелген. Бірақ негізінен КВИ қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте, сауда нысандары, яғни базарларда және отбасылық іс-шараларда жиілеген. Алып шаһарда қаңтар басталғаннан 3026 КВИ және 237 пневмония жағдайы тіркеліпті. Жексенбі 24 қаңтар күні науқастар 132-ге жетіп, апта басынан Алматы «қызыл» аймаққа өтті. 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында тарап отыр. Пациенттердің 35 пайызы - солар. Бекшин әлеуметтік қашықтықты, маска-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу қажеттілігі туралы ескертті. 

Хабарламаларға жазылу