Түркістан облысында ауыл тұрғындарының малы әдейі қазылған орға құлап қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында ауыл тұрғындарының малы әдейі қазылған орға құлап қырылып жатыр

27.01.2021

Түркістан облысының Монтайтас елді мекенінде ауылдастарының қаскөйлік әрекетінен мал қырылуда. Төңірекке тебіндеп жайылған жылқылар қолдан әдейі қазылған шұңқырларға құлап, мертігіп жатыр.

Ауыл округі аумағындағы жер иелері көктем кезінде егістікке мал түспес үшін айналдыра тереңдігі екі, ені бір метр болатын шұңқыр қазып тастаған. Осыдан екі күн бұрын болған бұрқасын кезінде олардың беті қармен тегістеліп қалғандықтан қауіпті байқау мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Монтайтас ауылында шұңқырға түсіп, 4 жылқы өлген. Тағы ондаған малды иелері ордан әрең шығарып алды. Шаруалардың жанайқайынан соң Арыс қаласы әкімдігі заңнамаға қарсы әрекет етіп, жерді қазған азаматтарға шара қолдану мақсатында облыстық жер инспекциясына арнайы хат жолдады. 

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу