Қорғаныс министрі «Іле» полигонында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрі «Іле» полигонында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысты

26.01.2021

Қорғаныс министрі «Іле» полигонында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысты. Жауынгерлер жаттығу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күресудің жаңа тәсілдерін іске асырды. Қақтығыс кезінде түтінмен бүркемелеу тәсілі, соққы беретін дрондарға қарсы күрес жолдары тәжірибеден өтті. 

Жұмыс сапары барысында генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев «Арыстан» мамандандырылған лицейіне барды. Оқу үдерісінің санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер жағдайында ұйымдастырылуын көрді. Министр жаттығу кешендерін, техника және қару-жарақ үлгілерін, оқу-әдістемелік кабинеттердің жабдықтарымен танысты.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:
Отанды қорғау әрқашан жоғары азаматтық ерлік болып саналады. Сіздер елдің тағдыры, оның болашақта дамуы мен өркендеуі жолындағы жауапкершілікті өз мойнына алатын жаңа буынсыздар.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу