Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электрондық форматқа көшіріледі. Президент төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді.
«400 жаңа балабақша ашылады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 180 мектеп салу жоспарланған. Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электрондық форматқа көшіріледі.
Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа қаражат салуын орталықтандыру көзделген.
500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағылымдамаға жіберу ұйымдастырылады. Жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді», - деді Асқар Мамин.