Қазгидромет 26-28 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.
«Қазақстанның солтүстік жартысы жылы атмосфералық фронттың жолына түседі. Ол аспанды тығыз бұлттармен жауып, қардың жаууын тудырады, аяздың бетін қайтарады», - делінген хабарламада.
Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте бұрқасын болады.