![ЕАЭО елдерінің ең жас және қарт министрлері белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/22/1611294606041.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ranking.kz сапаршылары ЕАЭО елдерінің ең жас және егде жастағы министрлерін анықтады. 2021 жылдың басында одақ елдерінің министрлерінің орташа жасы 49,2-ні құрады.
Ең жас министрлер Арменияда жұмыс істейді. Олардың орташа жасы 45,3. Ал ең қарт министрлер Ресейде - орташа жасы 52,2.
Қазақстандағы министрлердің орташа жасы 48-ді құрайды. Егде жастағы министрлер - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев (58 жаста). Ал ең жасы - Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев (33 жаста).
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішіндегі ең кәрі министр - Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров (70 жаста). Ең жасы - Арменияның әділет министрі Рустам Бадасян (30 жаста).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ЕАЭО елдерінің ең жас және қарт министрлері белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/136264/)