Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Кездесу салтанатты сипатқа ие болды. Президент көрші ел дипломатына қос мемлекеттің ынтымақтастығын нығайту үшін қосқан елеулі үлесі үшін алғысын айтып, 2-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:-Сіз дипломатиялық ортада халықаралық қатынастар бойынша білікті маман ретінде танымалсыз. Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі ретінде мемлекеттеріміз арасындағы достықтың тұрақты болуына, мәңгілік сипат алуына зор күш салып келесіз. Сіздің атқарған үлкен әрі ауқымды жұмысыңыз үшін ризашылық білдіреміз.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Бородавкинді жақында ғана өткен елеулі мерейтойлық датамен де құттықтады. Жоғары мемлекеттік марапатты табыстау да осы айтулы оқиғаға тұспа-тұс келіп тұрғанын атап өтті. Ал Ресей елшісі бұл награда өзі үшін де, оның әріптесері үшін де ерекше маңызға ие екенін жеткізді.
Алексей Бородавкин, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі:-Мен бұл марапатты жеке өзімнің ғана емес, сондай-ақ, Қазақстан бағытында еңбек етіп жүрген барлық ресейлік дипломаттардың, ең алдымен, Елшіліктегі әріптестерімнің қосқан үлесіне берілген баға деп санаймын. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің одақтастық, интеграциялық байланыстарымызды одан әрі жоғары әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерімді жұмсай беретінімді нық сеніммен айтамын.
Альбина Әшім
Автор
Альбина Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Білім бе, бизнес пе? Репетиторлық орталықтарды кім бақылайды?
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54