Елордада коронавирус жұқтырғандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада коронавирус жұқтырғандар көбейді

21.01.2021

Елорда соңғы 10 күн ішінде ковидті жұқтыру дерегі көбейді. Денсаулық сақтау министрлігі өңірлер бойынша коронавирус және коронавирус пневмониясына қатысты 10 күннің статистикасын жариялады. Мәліметтерге сәйкес, індеттің ілмегіне іліккендердің ең көбі Нұр-Сұлтанда, ал ең аз дерек Қызылорда облысында тіркелген. Яғни, бас қалада он күнде 1352 адам ауырса, Сыр өңірінде бұл көрсеткіш 66. Нұр-Сұлтаннан кейінгі орында Алматы және Павлодар тұр.

Жалпы, ел көлемінде қауіпті кеселден қайтыс болғандардың саны күрт өскен. Дәрігерлердің сөзінше, соңғы аптада ковидтен тәулігіне 5-тен 15-ке дейін өлім жағдайы тіркелген. Ал, өткен тәулікте 17 адам, оның 15-і коронавирустан, 2 науқас пневмониядан көз жұмды. Айта өтейік, бүгінгі күні Қазақстанның 7 өңірі «қауіпті» аймаққа енді. 

Армангүл Тоқтамұрат


Хабарламаларға жазылу