Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіруге бюджеттен 2 млрд теңге бөлінеді
Оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударған отбасының әр мүшесіне биылғы бір реттік төлем 102 мың теңгеден асты. «Еңбек» бағдарламасы арқылы солтүстік өңірлерге қоныс аударған отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Биыл оған бюджеттен 2 млрд теңгеден аса ақша қаралған. Тұрғындардың Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудара алады. Онда баспана жалдап, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен бастап ақша беріледі. Қалада тұрсаңыз 58 мың теңге, ауылға қоныс аударсаңыз ай сайын 43 мың теңге аударады. Биыл 2 мың отбасын көшіру жоспарланған.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты ұстаным – прагматизм мен диалог»: Сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне пікір білдірді
30.09.2026, 20:44
Еуропада жалған дәрі сататын онлайн дәріханалар көбейді
30.09.2026, 20:30
Азиада: Бүгін ел қоржынына 8 медаль түсті
30.09.2026, 20:29
Донорлық: Бүйректі ағзаның қабылдауын AI 33 секундта анықтайды
30.09.2026, 20:28
Көкшетауда 630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын
30.09.2026, 20:08
KTZ Express қазақстандық экспорттың логистикалық әлеуетін кеңейтіп жатыр
30.09.2026, 20:06
Түркістан облысының таулы аймақтарына 131 мыңнан астам турист келген
30.09.2026, 20:06
Қазақстан киберқылмысқа қарсы конвенцияға қосылды
30.09.2026, 20:05