Павлодарда жер үйлердің аумағынан қалдық сулар шығарыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жер үйлердің аумағынан қалдық сулар шығарыла бастады

19.01.2021

Павлодардағы жер үйлердің аумағынан қалдық сулар шығарыла бастады. Кешегі жаңалықтарымызда «Су арнасы» мекемесі қызмет көрсету ақысын көтеріп жібергендіктен, ассенизатор көлік иелерінің бірнеше күн жұмысқа шықпай қойғаны жайлы бейнематериал көрсетілген болатын. Осыдан кейін қалалық коммуналдық қызмет көрсету бөлімінің басшылары көлік иелерімен арнайы кездесіп, оларды жұмысқа шығуға көндірді. Енді тұрғындар қалдық суларды шығару үшін 109 нөмірі арқылы Call орталығына хабарласып, ассенизатор қызметіне өтінім қалдыра алады.    

Игорь Рыбас, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:  
Қазірдің өзінде 12 ассенизатор көлігі қалдықтарды шығарып жатыр. Әрине тұрғындардан түсіп жатқан шақыртулар көп. Бүгіннің өзінде 60-тан аса кәріз құдықтары тазаланды.Ассенизатор көліктерінің иелері жұмыс істеуге біртіндеп келісіп жатыр.     

Болат Аманбаев       


Хабарламаларға жазылу