Маңғыстауда мониторингтік топ тойды тоқтатпақ түгілі мейрамханаға кіре алмады.
Тәртіп сақшылары мен кәсіпкерлік басқармасының мамандары 2 бірдей мейрамханада болып жатқан тойдың үстінен шықты. Бірақ ішке кіре алмады. Мейрамхана әкімшісі де мерекелік шараның өтіп жатқанын мойындады. Күдік тудырмау үшін қонақтардың ғимараттың артқы есігінен кіріп, көліктерін де сонда тығып қойғаны анықталды. Бұ жолы полицейлер тек ескерту берумен шектелді.
Шымкентте де тойға тосқауыл болмай тұр. Мобильді топ мүшелері «Алтын Самұрық» тойханасында өтіп жатқан құдалықтың үстінен түсті. Шаңқай түсте есікті іштен жауып алған қуаныш иелері аста-төк дастархан жайып, үстел басына иық тіресе жайғасқан. Дереу той тоқтатылып, карантин талабын бұзған тойхана иесі мен құдалық той өткізуші азамат жауапкершілікке тартылды.
Аягөз Оралбайқызы