Қазақстанда коронавирусқа байланысты 19 бекет қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 19 бекет қойылды

19.01.2021

«Қызыл» аймаққа енген өңірлерде мобильді топтардың белсенділігі төмен. Салдарынан тұрғындар карантиндік талаптарды ұмытқан. Тіпті «коронавирус қауіпсіз, вакцина тиімсіз» деген қауесет тарап жатыр. Елдегі эпидахуалға қатысты Ішкі істер министрі осылай деді. Сондықтан рейдтік шараларды күшейтіп, арнайы топтардың жұмысын жандандыру керек. Қазір республика көлемінде 19 бекет орнатылған. 

Санитарлық бекеттердің 9-ы Алматы, 4-уі Қостанай, 2-уі Ақтөбе өңірлерінде. Ал Атырау облысы аумағында 4 блок-бекет қойылған. Сондай-ақ әуежайлар мен теміржол вокзалдарында жолаушылар ағыны аз емес. Күніне 31 мыңдай адам ары бері жол жүреді. Соңғы уақытта ораташ есеппен тәулігіне 150 адам карантинге жабылып жатыр. 

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
Карантиндік іс-шараға 10 мыңнан аса полицей мен Ұлттық Ұлан әскері тартылды. 290 карантиндік объекті бақылауда. 



Хабарламаларға жазылу