Қарағанды облысындағы шахтада апат болды: 1 адам көз жұмды
Қарағанды облысы Ленин атындағы шахтадағы апат кезінде бір кенші қайтыс болды. Тап сол уақытта жұмыста жүрген 136 адам шұғыл түрде жер бетіне шығарылған. Оқыс оқиға кеше кешкі 21:00-ден аса болған. Кеніштің 840 метр тереңдігінде бұрғылау жұмыстары кезінде көмір қабаты опырылып түскен. Ол жерде бұрғылаушылар бригадасының машинисі Николай Шадиров, оның көмекшісі Руслан Муфтаханов және тау-кен шебері Раис Гизятчин болған. Екі жұмысшы сыртқа шығып үлгерген. Өкінішке орай, бұрғылау қондырғысының машинисі оқиға орнында көз жұмды. Авариялық-құтқару қызметі оның денесін бүгін түс ауа тапты. Тәжірибелі машинист шахтада 16 жыл еңбек еткен. Апаттың себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
Кеңгірбай Есенеев, ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары:Шахтадағы кеншілерді авариялық-құтқару жұмыстары шұғыл түрде жүргізілді. Бұрғылау машинистінің жанында болған Муфхтахов және Гизятчин қауіпті аумақтан шығып үлгерген. Оларды жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді. Үйінді аумағында машинист Николай Шадиров қалып қойған.
Боранқұл Махин, облыстық медициналық орталықтың бөлім жетекшісі:Қазіргі уақытта токсикологиялық бөлімімізде екі науқас жатыр. Екеуінде де газдан уланған. Бірақ ешқандай жарақаттары жоқ.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02