Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сыр өңірінде жол апатынан 5 адам қаза тапты. Оқыс жағдай кеше Қызылорда-Құмкөл тасжолында болды. Соқтығысқан екі көлікте «Айдан-Мұнай» компаниясы мен «Бастау» серіктестігінің 13 жұмысшысы болған.
Әділбек Серікұлы, тілші:
5 адамның өмірін қиған Қызылорда-Құмкөл трассасындағы қайғылы жағдайға жүргізушілердің бірінің жол ережесін сақтамауы себеп болған деп отыр мамандар. Көп сыйымдылықты Mercedes-Benz Sprinter мен Toyota Hilux жеңіл автокөлігі бетпе-бет соқтығысған. Қатты жылдамдықпен келгені соншалық - көліктердің сау-тамтығы қалмаған. Оқиға орнында 3 адам тілге келместен қаза тапқан. Екеуі ауруханаға жетпей көз жұмды. Жантүршігерлік жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталуда.
Шәмшидин Әмитов, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
345-бабтың 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалардың барлығы тағайындалды. Mercedes-Benz Sprinter-де 10 адам болған, екінші Toyota Hilux-те үш жолаушы отырған. Қай жүргізушінің кінәсінен жол-көлік оқиғасы болғаны тергеу амалдарынан кейін белгілі болады.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сондай-ақ жол апатынан зардап шеккен тағы 5 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылған. Оның төртеуі ауыр дене жарақатын алған. Ал бір жолаушының хәлі ауыр. Ол жан-сақтау бөлімінде жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12