Мұнай бағасы қымбаттады

13.01.2021

Соңғы кездері қарқынды өсіп жатқан мұнай тағы қымбаттады. Қазір оның бағасы барреліне 57 долларға жетті. Соңғы рет мұндай баға былтыр ақпан айында болған. 

Қара алтын құнының өсуіне ОПЕК+ ұйымына мүше елдердің өндірісті азайту туралы келісімге келгені әсер етіп жатыр дейді сарапшылар. Осылайша қолдан жасалған тапшылықтан баға көтеріліп келеді. Оның үстіне бұған дейін АҚШ-тың энергетика министрлігі елдерінде мұнай қорының азайғанын хабарлаған болатын. Бұл да бағаның өсуіне себеп.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу