АҚШ-тың Өкілдер палатасы Трампты биліктен тайдырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Трампты биліктен тайдырмақ

13.01.2021

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Дональд Трампты биліктен тайдыру бойынша қарар қабылдады. Енді вице-президент Майк Пенс соңғы шешім шығаруы тиіс. Демократиялық партия мүшелері импичмент құжатын дүйсенбіде дайындап қойған. Оған сәйкес Трамп «халықты бүлікке шақырды», «Капитолиге жасалған тәртіпсіздіктерді қолдады» деп айыпталды. Ақ үй басшысының қызметтен кетуін тіпті оның республикашыл-жақтастары да қолдап отыр.

Айта кетсек, Американың 45-ші президентінің ресми өкілеттігі, тура бір аптадан соң аяқталуы тиіс. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
Біз сөз еркіндігіне жасалған шабуылдың куәсі болдық. 25-түзетудің қолдануылуына келер болсақ, одан маған еш қауіп жоқ, алайда заң ықпалы Джо Байден мен оның әкімшілігіне кедергі келтіруі мүмкін. Ал импичмент – тек маған жала жабу әрекеті деп білемін.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу