«Қазақстан Халық партиясынан» Мәжіліске өткен депутаттардың тізімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Халық партиясынан» Мәжіліске өткен депутаттардың тізімі белгілі болды

13.01.2021
«Қазақстан Халық партиясынан» Мәжіліске өткен депутаттардың тізімі белгілі болды

Бұрынғы коммунистер, қазіргі  «Қазақстан Халық партиясы» бүгін Нұр-Сұлтан қаласында  кезектен тыс XVII сессиясын өткізіп, Мәжіліске өтетін депутаттардың есімдерін ұсынды . 10 қаңтарда өткен сайлауда 9,1% дауыс жинаған партия Мәжілістегі мандаттарының санын жеті адамнан он адамға дейін көбейтуге мүмкіндік алған еді. 

«Қазақстан Халық партиясынан» Парламент Мәжілісіне өткен депутаттардың аты-жөндері:   

1.Айқын Қоңыров

2.Жамбыл Ахметбеков

3.Ирина Смирнова

4.Айбек Паяев

5.Сергей Решетников 

6.Файзолла Кәменов

7.Ғазиз Құлахметов

8.Ерлан Смайлов

9.Александр Милютин

10.Айжан Сқақова

Айта кетейік, сайлау қорытындысы бойынша Мәжіліске бұрынғы үш партия өтті. Дегенмен, мандаттар саны өзгеріп, Nur Otan партиясы бұрынғы 84 мандатын 76 мандатқа дейін азайтты, AqJol партиясының мәжілістегі өкілдері бұрын жеті адам болса, қазір 12 мандат болып көбейді. 

Осылайша,  Парламент Мәжілісіне өткен үш партия да фракцияларын жасақтап, партия атынан төменгі палатаға жіберетін депутаттарын сайлап бітті. 


Хабарламаларға жазылу