Енді колледж студенттері жасаған тауарларды заңды түрде сатуға болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Енді колледждер ақылы негізде қызмет көрсетіп, оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда, оқу полигондарында дайындаған тауарларын сата алады.
Мәселен, «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттер практика кезінде темірден сапалы конструкциялар жасайды, жас кондитерлер керемет өнімдер пісіреді, қолөнер бағытындағы мамандықтары бойынша оқитын студенттер киізден, керамикадан, ағаштан, былғарыдан, зергерлік бұйымдардан авторлық бұйымдар дайындайды. Бірақ оның бәрін сата алмайтын. Енді олар өз қолымен дайындаған өнімдерін (жұмыстарын, қызметтерін) сата алады және түскен табыс есебінен шеберханалар үшін қосымша шығын материалдарын сатып алуына болады», – деп жазды министр Facebook-те.
Айтуынша, оқу тәжірибесі кезінде студенттер дайындаған өнімдерді сатуға рұқсат беру арқылы өндірістік оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік бар.