Биыл Қазақстанда 86 млн тонна мұнай өндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қазақстанда 86 млн тонна мұнай өндіріледі

12.01.2021

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Теңізшевройл оның 25 млн 300 мың тоннасын, Қашаған 14 млн, Қарашығанақ 12 млн тоннадан аса шикізат өндіруді жоспарлап отыр. Ал 67 млн тоннадан аса мұнай шетелге экспортталады.  

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, мұнай мен конденсат өндірісі былтыр 2019 жылмен салыстырғанда біршама азайған. Еліміз 10 млрд текше метрден аса газ экспорттады. Ішкі нарықта 12 млн тоннаға жуық мұнай өңделді. Оның 5 млн тоннасы жанар-жағармай. Қазақстан биыл ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндірісін арттыра алады.  

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу