Елордада жастарға баспана беру жалғасады

11.01.2021

Елордада жастарға баспана беру жалғасады. Қала әкімінің айтуынша биыл жұмысшы жастарға сатып алу құқығынсыз мыңнан астам пәтер беру жоспарланып отыр. 

Баспана 5 жылға жалға беріледі. Осы уақыт ішінде жастар бастапқы жарна ретінде өзінің үйіне ақша жинап,кейін пәтерді өзі сияқты өзге жастарға босатып беруі тиіс. Әзірге өтініштерді қашаннан бастап беру керектігі белгісіз. Басты талап - үміткерлердің жасы 29-ға толмаған және басында баспана болмауы керек. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда осы бағдарлама арқылы мың жарымға жуық пәтер берілген.

Досжан Маратұлы 

Хабарламаларға жазылу