Сайлау 2021: Сайлаушылардың 63,3 пайызы дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау 2021: Сайлаушылардың 63,3 пайызы дауыс берді

11.01.2021

Еліміз бойынша бюллетеньдер санау толық аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы бүгін түсте дауыс беру нәтижесіне қатысты алдын ала қорытындыны жариялауы мүмкін. Ал кеше сағат 22:00-дегі соңғы ақпарат бойынша сайлаушылардың 63,3 пайызы дауыс берді. Жалпы орталық сайлау комиссиясында кеше таңнан бері 10-нан аса брифинг өтіп, сәт сайын сайлауға қатысты ақпараттар таратылды. Ең жоғары белсенділік танытқан Солтүстік Қазақстан облысының сайлаушылары. Мұнда электораттың 75,5 пайызы таңдауын жасаған. Ал Алматы қаласында көрсеткіш төмендеу. Сайлаушылардың небәрі 30 пайызы дауыс берген. Елде саяси науқан барысын бақылауға 400-ге жуық байқаушы келгенін еске салайық. 

сайлау сайлау 2021 парламент сайлауы

Хабарламаларға жазылу