Бүгін Астанадағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінен өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанадағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

02.05.2017

Тілсіз жау ғимараттың 40 шаршы метр аумағын шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің айтуынша, үйдің сыртындағы қаптама материал отқа ораныпты. Алайда, өрт пәтер ішін шарпымай тұрып толықтай сөндірілген. Тұрғындар дәл осы қабатта жекеменшік балабақша орналасқанын айтып отыр. Ғимараттан түтін байқалысымен, балалар да, өзге тұрғындар да түгел сыртқа шығарылған. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

 

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу