Парламент Мәжілісінің сайлауына бес партия қатысып жатыр. Олардың бюллетеньдердегі орналасу реті жеребе тарту нәтижесі бойынша қойылған. Тізімде бірінші болып Қазақстан халық партиясы, екінші нөмірде «Nur Otan», үшінші «Ауыл», одан кейін сәйкесінше «Ақ жол» мен «Адал» партиялары орналастырылған.
Жалпы сайлауда партиялардың атынан 312 үміткер Мәжіліс депутаттығына ұсынылған. Оның 222-сі ер адам, 90-ы әйел. Кандидаттардың ең кішісі 25 жаста, ең үлкені 70-те. Айта кетейік, Мәжіліс сайлауы ел тарихында осымен жетінші рет өтіп жатыр.
Досжан Маратұлы