Инвесторлар Капитолийдағы жағдайға назар аударған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвесторлар Капитолийдағы жағдайға назар аударған жоқ

08.01.2021
Инвесторлар Капитолийдағы жағдайға назар аударған жоқ

Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жазады.

Бірнеше апта ішінде Ақ үй мен Сенаттың бақылауы демократтарға ауысады. Әлемдік нарықта АҚШ-тың негізгі биржалық индекстері рекордтық деңгейге жетті. Сенат бақылауы демократтарға ауысатын болған соң, индекстің көрсеткіші 0,7-2,6% құрады. Инвесторлардың пайымдауынша, демократтар АҚШ экономикасын қолдау мақсатында мемлекеттік шығындарды едәуір арттыруы мүмкін. 

Айта кету керек, бейсенбі күні Конгресс қараша айында өткен президент сайлауының нәтижелерін мақұлдады. Трамптың жақтастарының Капитолияға шабуыл жасағанына қарамастан Джо Байденді жеңімпаз деп таныды. Ал,  мұнай бағасының тез өсуіне орай теңге нығая түсті. 

6 қаңтардағы сауда-саттық қорытындылары бойынша  доллардың бағасы 1,90 теңгеге арзандап, бір доллар 418,93 теңгеге сатылды. Бүгінгі сессияда 1 доллар 418,80 теңге деңгейінде саудалануда. Бұл алдыңғы сессияның орташа бағамынан 13 тиынға арзан. 


Хабарламаларға жазылу