ОПЕК+мұнай өндірісін тәулігіне 500 мың баррельге арттыруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК+мұнай өндірісін тәулігіне 500 мың баррельге арттыруы мүмкін

30.12.2020

ОПЕК+ қаңтарда мұнай өндірісін тәулігіне 500 мың баррельге арттыруы мүмкін. 4 қаңтарда өтетін қатысушылардың кезекті отырысында шикізат өндіруді көбейтуге қатысты ұсыныс айтпақ. Алайда қара алтын көлемін қысқарту не көбейту туралы шешім нарықтағы ахуалға қарай қабылданады. Қазір Brent баррелінің бағасы 51, WTI 48 доллар шамасында. Бағаның өсуіне АҚШ-та шикізат қорының азаюына қатысты ақпарат әсер еткен. 

Ақерке Бектас 


Хабарламаларға жазылу