COVID-19: Атырау облысы әлі «қызыл» аймақта тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19: Атырау облысы әлі «қызыл» аймақта тұр

30.12.2020

Коронавирустың таралуы бойынша елімізде Атырау облысы ғана «қызыл» аймақта. Өңірде соңғы тәулікте 60 адам вирус жұқтырған. Індетке шалдыққандардың дені Теңіз кен орнының жұмысшылары.    

Ал, індеттің таралу деңгейі тұрақталуына байланысты Қостанай облысы «қызыл» аймақтан шықты. Дегенмен, карантин талаптары сол күйі сақталады. Кеше өңірде 60 адам вирус жұқтырған.   

Павлодар облысы да қауіпті аймақтар қатарынан «сары» деңгейге өтті. Демалыс күндері қалада қоғамдық көліктердің қатынауына рұқсат берілді. Ал, жаңа жылдық кештер мен ойын-сауық шараларын өткізуге қатаң тыйым салынған.   

Дәуренбек Әбдібек 


Хабарламаларға жазылу