«Электрондық үкімет» порталында азаматтар тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексеру үшін онлайн-сервис іске қосылды. Яғни, азаматтар тіркеу орны туралы ақпаратқа қол жеткізе алады. Сондай-ақ, республика үшін бірыңғай 119 нөмірлі Сall-орталық арқылы құқықтық консультациялар ала алады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында осы мәселелер қаралды. Отырыста 7 халықаралық ұйым мен 11 шет мемлекеттен 98 байқаушы аккредиттеуге ұсынылғаны белгілі болды.
Фариза Мұсақызы