Отандық вакцина клиналық сынақтан өткізіліп жатыр

29.12.2020

Алматыда коронавирусқа қарсы отандық вакцина клиникалық сынақтан өткізіліп жатыр. Екпені салдыртуға 2 мың ерікті келісімін берген. Бұған дейін отандық вакцинаның І және ІІ фазалары клиникалық сынақтан өткен. Енді мегаполистің екі бірдей медициналық мекемесінде үшінші сатысы жалғасады. Алдын ала жасалған шаралардың нәтижесінде отандық вакцина қауіпсіздігін әрі тиімділігін көрсетіп отыр. Егер сынақ сәтті аяқталса, наурыз айында өзі өтініш білдіргендерге жаппай вакцинациялау жүреді деп жоспарлануда.   


Хабарламаларға жазылу