Саяси партиялардың сайлауға дайындығы жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси партиялардың сайлауға дайындығы жоғары

28.12.2020

Осы жолы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер арасында жаңа белсенділер тобы суырылып алға шықты. Насихат жұмыстары да жоғары деңгейде. Кейбірі ребрендинг жасап жаңғырды. «Яғни, партияларда сайлауға дайындалуға уақыт жеткілікті болды», - дейді алдағы сайлаудың мақсат-міндеттерін талқылаған саясаткерлер мен қомғам белсенділері. Бұрынғыдай дәстүрлі түрде, үйреншікті форматтарда емес, әлеуметтік желі арқылы жұмыстар жақсы жолға қойылған. Шалғай елді мекендерге ақпараттың жетуіне мән беріліп отыр дейді олар. 

Қазыбек Майгелдинов, саясаттанушы:
Қоғаммен тығыз байланыс жасап жатыр. Бұл дегеніңіз «Естуші мемлекет» қағидасына толықтай сәйкес келеді. Өйткені мұндай платформалардағы саяси партиялардың болсын, саяси бағыт бойынша өкілдердің қатысуы ол қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға үлкен үлес қосып жатыр. Сондықтан биылғы сайлаудың жаңа технологиялардың, жаңа ақпараттық кеңістікте жаңа бағыттармен келуі бұл үлкен алға ілгерілеушілік деп білемін. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу