Шығыс Қазақстанда ПТР-тестің құны 8025 теңгеге дейін төмендеді. Бұрын анықтама құны 11 500 теңге болатын. Шығыс өңірінде коронавирусқа шалдыққандар үшін барлығы 40 инфекциялық стационар дайындалды. Бұл жерге түсетін науқастар оксигенотерапиямен толық қамтамасыз етілген. Ауыр науқастар үшін иммундық плазманың 3 мыңнан астам дозасы дайындалды. Бұл бүкіл республика бойынша әзірленген мөлшердің жартысынан көбі. Плазма банкін толтыру үшін донорлармен жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының тұрақтандыру қоры құрылған.
Әсем Рахимбаева, Көкпекті аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:-700 дана бір рет киетін жеке қорғаныс костюмдері, сонымен қатар бір рет қолданыстағы қолғап және қорғаныс көзілдіріктері берілді. Олардың бізде екі айға жететін қоры бар. Дәрілік заттардың да екі айға жететін қоры бар.
Берік Көшербай